«Арго» компаниясы 2003 жылы құрылды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ПВХ-дан арнайы аяқ киім жасайтын жалғыз өндіруші болып табылады.
Кәсіпорын құрылыс компанияларының, мұнайгаз өндіретін кешендердің, тау-кен компанияларының, тамақ, медицина, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыс ұжымдары үшін, белсенді демалыс әуесқойлары – балықшылар мен аңшылар үшін, сондай-ақ күнделікті өмірде пайдалануға арналған аяқ киім шығарады.
Өндірістің ресейлік және германиялық фирмалардың жоғары технологиялық жабдығымен жабдықталуы, қазіргі заманғы ПВХ материалдарын пайдалануы, мамандар білігінің жоғары деңгейі Қазақстан Республикасында белгіленген сапа стандарттарына сәйкес жоғары сапалы өнім жасауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2001 бойынша сертификацияланған.
Компанияның мамандары Mining World, KIOGE, MODA & TEXTILE, WORLDFOOD, KazShoes секілді мамандандырылған Халықаралық көрмелерге үнемі қатысып отырады, ол көрмелерде олар шығарылатын аяқ киімдерді көрсетіп қана қоймай, жаңа модельдерді жасаған кезде қолдану мақсатымен аяқ киім өнеркәсібінің перспективті бағыттарын да зертейді.
«Арго» - елдің игілігі үшін жұмыс істейтін кәсіпорын. Алдымызда әлі көптеген қызықты шығармашылық жұмыстар күтіп түр, және біздің оптимизміміз, клиенттеріміздің құрметі мен сенімі біздің мүмкіндіктерімізді барынша іс жүзіне асыруға көмектеседі деп сенеміз!